Құбыр жарылған: Рудный тұрғындары тағы да жылусыз қалды
Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды. Жол суға толып, 24 жаңа үй мен 59 жеке тұрғын үй жылусыз қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

Құбыр жарылып, Рудныйдағы Парк көшесі суға толды. 9 ақпанда таңертең жолдың үстінде бу көтерілген. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ленин-Горняков көшелерінің қиылысында болды.
"Сағат 8:30-дағы жағдай бойынша Дзержинскийден Ленинге дейінгі көшелер шекарасында Горняков көшесіндегі жылу трассасының учаскесі жабылды. 24 үй, 59 жеке сектор және 17 заңды тұлға жылусыз қалды", – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген