"Күйеуімнің өліміне жауап берсін!": Ақтөбеде көз жұмған дезинфектордың жесір әйелі әділдік іздейді
Ақтөбеде дезинфекция кезінде қайтыс болған әскери қызметкердің жесірі әділеттілікті талап етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме жасап.
Талғат Нұрғалиев өткен көктемде көшеде дезинфекция жұмыстарын жүргізу кезінде қайтыс болды. Еміс жерде тұрып артқа қарай жүрген ЗИЛ көлігінің ортасына қыстырылып қалған. Көлікті басқа әскери қызметкер басқарған. Ол көлікті қол тежегішінде қалдырса керек, бірақ кейіннен көлікте ақау бар екені анықталды. Нәтижесінде Нұрғалиев қаза тауып, ал оның әріптесі адам өліміне әкелген апатта қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталды.
Қайғылы оқиғаға қатысты Ақтөбе гарнизонының әскери соты жүргізушіні толығымен ақтап шықты. Олар ақаулы көлікті ұсынған әскери басшылықты жауапкершілікке тарту керек деп есептеді. Жесір әйел аталмыш сот шешімімен келіспейді.
"Олар жаны жоқ темірді кінәлі деп шешті. Бірақ көлік өздігінен жүрмейді. Оны тұтқаға қою керек еді. Мен оқиға орнында болған Ақтау әскери гарнизонының жүргізушісі мен басшылығында кінә бар деп санаймын. Неліктен олар ақаулы техниканы қолданысқа жіберді?! Олар күйеуімнің өліміне жауап берсін", - деді Назгүл Талжанова.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
