"Күйеуім - әулетіндегі жалғыз ұл": Айсәуле Бақытбек қызды болатынын білгенде аса қуанбағанын мойындады
Айсәуле Бақытбек сәбиінің жынысын алғаш білген сәтте аса қуанбағанын айтады. Сөзінше, күйеуі отбасында жалғыз ұл болғандықтан, оған айналадағы адамдар қысым жасайтындай көрінген. Алайда көп ұзамай, блогер бұл ойынан айнығанын айтады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Гендер-патиде бізде қыз болатынын білген сәтте не сезгенімді нақты білмеймін. Қысым сезгендей болдым. Күйеуім – отбасында жалғыз бала, жалғыз немере. Қазақстанда мұның нені білдіретінін өзіңіз де түсініп тұрсыз. Егер де ұл бала болса, айналадағылардың бәрі қаттырақ қуанатындай көрінді", – деп бөлісті Бақытбек.
Алайда көп ұзамай блогер мұның "сандырақ" екенін түсінген.
"Жүктілік бойы қызымды күтумен қуанып жүрдім. Ал қазір қолымда қызымды ұстап тұрып, өмірде менен бақытты жан жоқ екенін түсінемін. Қыз деген сондай ләззат сыйлайды. Мен оны сондай жақсы көремін. Тіпті Әлішерге: "Егер ұл бала болса, оны осыншалықты жақсы көрмес пе едім" дедім", – деп ағынан жарылды ол.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ