Күйеуі әйелін шаштаразға барғаны үшін аяусыз соққыға жықты (видео)
Түркіменстанда ер адам ескертпей сұлулық салонына барған әйелін итеріп жіберіп, ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі fontanka.ru порталына сілтеме жасап.
Видеоны сол жердегі шаштараз маманы немесе келуші түсірсе керек. Онда ер адамның әйелін жұлқылап, жерге құлатқаны, кейін сол жерде ұрып-соққаны бейнеленген. Айқайға басып қатты ашуға булыққан ер адамның соққысынан тіпті жанындағы шаштараздың орындығы ұшып кеткен. Осы кезде жанында тұрғандар ер адамды қанша сабырға шақырса да, оның әрекеттеріне араласуға қорыққан. Кейін ер адам сыртқа шығып кетіп, бірнеше минуттан кейін қайта оралып әйеліне қайта соққы жасаған.
- Тәліптер жұмыс істеу және оқу құқығын талап етіп, шеруге шыққан әйелдерді күшпен таратты
- Ер адам соңғы сәтте баласын ажалдан құтқарып қалды (видео)
“Қашанға дейін басың ауған жақта жүресің, қашанға дейін сені іздеп жүруім керек?” – деп ер адам түркімен тілінде өз әйеліне айғайлаған.
2022 жылы жаңадан сайланған президент Сердар Бердімұхамедов бірқатар сұлулық қызметтеріне тыйым салатын заң қабылдағаннан кейін, Түркіменстанда сұлулық салондары әдепсіздік болып саналды.
Алғашында түрікмен әйелдеріне шашын бояуға, қысқа қиюға, маникюр, ботокс, депиляция жасауға тыйым салынған. Кейін олардың киіміне қойылатын талаптар күшейтілген.