"Күрт өсім емес": Қазақстанда тарифтер жыл сайын 20-30% өспек
Фото: Elements.envato.com
Үкімет брифингінде жыл сайын тарифтер 20-30% өсетіні айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті мұны аса қатты өсім емес деп санайды.
Тұтынушыларға арналған тарифке ұлттық жобалар аясындағы инфрақұрылымды жөндеуге қызмет көрсету несиелері де, нысан иелерінің инвестициясы да қосылады. Соны ескере отырып, үкімет брифингінде Қазақстанда жыл сайынғы тарифтердің өсімі сұралды.
Қазақстанда кімдерге коммуналдық шығындар бойынша өтемақы төленеді
"Тарифтердің өзгеруіне қатысты ұлттық жобада субсидиялау тетіктері қарастырылған, яғни қарыз тарифке, негізгі қарызға және сыйақы бойынша пайыздық мөлшерлемеге салынады. Тарифке қысымды төмендету үшін республикалық бюджеттен субсидиялар сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтейді, яғни сыйақының 10%-ы тарифке енгізіледі, ал жоғары болғанын мемлекет субсидиялайды. Осылайша, біз тарифтің күрт өсуін реттейміз. Жалпы келер жылы тарифтер 20-30% шегінде көтеріледі", – деді табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев.
Ол 20-30 пайыздық жылдық өсім болатынын нақтылады.
Еске салсақ, қазақстандықтардың айлық табысының 5%-ынан асқан коммуналдық қарызды әкімдік төлейтіні айтылды.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
