Құран үйреніп жүрген Кентал тәкаппар адамдарды жек көретінін айтты
Кентал өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Құран оқып жүргенін және өзімшіл адамдарды ұната бермейтіні туралы жазды. Мұнымен қатар, тәкаппар жандардың құры бос кеуде екенін айтты.
Фото: instagram.com/kentalkz/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Соңғы кезде Кенталдың әлеуметтік желідегі жазбаларының мазмұны өзгерген. Бұрын-соңды әзілдескенді ұнататын жігіт, енді отбасын құруға дайын екенін, ораза ұстап, тек игі амалдар жасап жүргенін айтып жатыр. Бұл жолы әнші Құран аятынан үзінді келтіріп, өзімшіл адамдарды ұнатпайтынын жеткізді.
“Алла Құранда “Тәкаппар жандар осы қасиеттерің түптеріңе жетіп, тозақтың есігіне кіресіңдер” (“аз-Зумар” сүресі, 72-аят). Өзімшіл және тәкаппар адамдарды жек көремін. Құсқым келеді! Мұндай адамдар құры бос кеуде сияқты. Өзімшілдік пен тәкаппарлық – түбімізге жетеді. Алла, мені оларды жек көргенім үшін кешір және өзімшіл болуымнан сақта”, – дейді әнші.
Мұнымен қатар, соңғы кезде өзіне ұнап жүрген қанатты сөздерден үзінді келтірген. Солардың бірі Волтер Мари Фрасуа Аруэнің “Адам деген атқа лайық емес жан өзімшіл келеді” деген қанатты сөзі.
Желі қолданушылары бірауыздан әншінің бұл сөздерін қостай түскен. Олар “Құран оқып жүргеніңіз қуантады. Сіздің осы әрекетіңіздің арқасында біреудің Құранға деген көзқарасы өзгеруі мүмкін ғой”, “Молданың істегенін істеме, айтқанын істе. Кенталдың істегенін де, айтқанын да істе – бүгінгі күннің мақалы”, “Кентал, сен тамаша адамсың” сынды пікірлер білдірген.
Жіберіп алмаңыз:
Кентал өзіне әлеуметтік желі арқылы қалыңдық іздеп жүр
Кентал бір ғана тыңдарманына ән шырқап, билеп концерт қойып берді (фото, видео)