Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал артық салмақтан арылу үшін дәрінің көмегіне жүгінді

Елімізге танымал әнші Кентал артық салмақтан арылу үшін шетелде өндірілетін дәрі ішіп жүр.

x_23c167a2 (1)

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Мен өмір ырғағына сәйкес дұрыс қимыл-қозғалыста болу үшін күйзеліссіз арықтауға түбегейлі шешім қабылдадым. Жоспарымды жүзеге асыру үшін оңтайлы “қару” таптым”, – дейді әнші.

Кентал отандық өнімдерді шетке ысырып, ресейлік компанияның арықтауға арналған дәрісін пайдаланған. Аталған компания ұсынған дәрі артық салмақты немесе тамақтануға уақыты жоқ адамдарға арналған екен.

“Бүгіннен бастап коктейльді ішкенге дейін және кейін екі суреттен салып отырамын. Екі аптада бір рет нәтижесін өздеріңізге көрсететін боламын”, – деп әнші оқырмандарына көбірек салмақ тастауға уәде берді.

2

“Дәріні алғаш қабылдағаннан кейінгі әсеріммен бөліскім келеді. Аталған коктейльді 14-27 наурыз аралығында іштім. Түсте ғана тамақ ішіп, таңертеңгі, кешкі астың орнына коктейль ішуім керек болатын. Алайда мұндай ғажайыптарға көп сене бермейтіндіктен, тойғанша тамақтансам да, коктейльді күніне екі рет ішіп жүрдім. Ғажап! Дәріні нұсқаулығы бойынша ішпесем де, 4 кг салмақ тастадым”, – деп әнші дәріні уақтылы ішкенімде бұдан да арықтар ма едім деп өкінді.

3

Естеріңізге сала кетсек, Кенталдың еш жерде айтпаған құпиясымен бөліскені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау