"Күнәсін көргенмен, тәубесін көрмедім": Бағлан Әбдірайымов адамдардың жаман әрекеттері туралы
Бағлан Әбдірайымов адамдардың жаман әрекеттері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, адамның бір жаман қасиетін көріп, оны бағалаудың ағаттық екенін айтты. Әнші біреудің мінін теріп, оны сынағанша, өзіңнің де басыңа сол күн туатынын ұмытпа деп кеңес берген.
"Біреудің жаман қылығын жария етпе. Алдыңнан шығады. Күнәсін көргенімен, туәбесін көрмедің десем ше?" - дейді Бағлан Әбдірайымов.
Мұны көрген желідегілер Бағлан Әбдірайымовтың сөзіне қосылып, әншіні жазушылыққа бет бұрып жүр деп болжаған. Осылайша жұрт пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.
"Не десең де орынды", "Дұрыс айтасың", "Қып-қызыл жазушы болыпсың ғой", "Кітап шығарып кетпеңіз әйтеуір", "Әдемі сөз", "Ақыл жастан", "Ғұлама болып барасың", "Ішкі жан дүниесіне неге үңілмейміз", - десті жұрт.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ