"Күн сайын жазасыңдар": Педофил деп айыпталған Қолғанат Жұмабаев желіде ашуға бой алдырды
Фото: Видеодан скриншот
Мектеп оқитын қыздарға ғашық болды деп айыпталған блогер, контентмейкер Қолғанат Жұмабаев оқырмандарына ашуланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, күйеуін жасөспірім қыздарға тиісті деп айыптаған блогер Құлпынай Қанат желіні шулатып, жолдасынан ажырасып кеткен еді.
Одан кейін блогер шындық детекторына отырды. Бірақ жауаптарын көпшілікке көрсетпеді. Руслан Өтепбай істің қалай өрбігенін айтқан еді.
“Екі блогерге детекторға отыруды ұсындым. Алайда Қолғанат Жұмабаевтың анасы ұлының жауаптарынан соң детекторға отырған видеоны жариялауға қарсылық білдірді. Заң жүзінде тараптардың рұқсатынсыз мен ол материалдарды беруге құқығым жоқ. Шешімді өздеріңіз шығарарсыздар! Менікі ұсыныс болған. Қолғанаттың жауабын құзырлы органдарға тапсырамын", – деп жазды журналист.
Алайда желіде бұл тақырып әлі күнге дейін көтеріліп келеді. Блогерді кемсіту мақсатында оқырмандары түрлі ауыр сөздер жазатын болған.
“Әлемге әйгілі жұлдыздардың фотосымен мені қосып, “пдф” деп жазасыңдар. Мен қарапайым блогермін. Олар әлем жұлдыздары емес пе?! Мен педофил емеспін! Мен түнде қыдыратын, темекі шегетін, арақ ішетін еркектерден емеспін! Неге қоймайсыңдар? Әр видеома "педофилсің" деп жазасыңдар. Жетер енді!", – деп блогер өз шындығын айтып, барынша ақталуға тырысты.
Еске салайық, бұған дейін төрт өгей қызын зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кеткенін жазған едік.
Ер адам 24, 22, 19 жастағы және 15-тегі қыздарды 2015-2017 жылдар аралығында зорлап келген. Кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс жабық өтті. Сот ер адамның кінәсі дәлелденгенін айтты. Бірақ 46 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған жоқ. Себебі жаза жақында ғана қатаңдатылды.
@nuris8187 #zhumabaev #zhumabaev_07 #141 #пдф ♬ оригинальный звук - te amo

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
