Күдебаевпен бір мекемеде: Құқық қорғаушы Қайрат Сатыбалдыұлының жазасын қалай өтеп жатқанын айтты
"Біз азаптауға қарсымыз" қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Бауыржан Мусин журналистерге Қайрат Сатыбалдыұлының жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мусиннің айтуынша, Сатыбалдыұлы жазасын өтеп жатқан мекеме біршама жинақы. Мұнда бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері отырады.
"Бірінші отрядқа бардым, Қайрат Сатыбалдыұлы сонда қамауда жатыр. Оған VIP жағдай жасалған деген қауесеттің рас, өтірігіне көз жеткізу үшін бардым. Мекеменің ішіне кіріп қарадым. Онда ешқандай VIP жағдай жасалмаған. Ол да басқалар сияқты жазасын өтеп жатыр. Мекеме іші төсекпен жабдықталып, құбыр тартылған. Бәрі қатаң, заң бойынша. Ол басқалармен бірге бір бөлімде", - деді құқық қорғаушы.
Белгілі болғандай, Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевпен бір мекемеде қамауда отыр. Дегенмен, олар әртүрлі жасақтарда.
Талқылау