Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кублей" консерві зауытының мәселесі әлі шешілмеді – БҚО әкімі

Еліміздегі ең үлкен консерві өнімдерін шығаратын Кублей" зауытының мәселесі әлі шешімін таппады. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз өңір әкімі БАҚ өкілі Кублей зауытынан жүздеген адам жұмыстан шығып қалуы мүмкін деген ақпаратты айтып, осы мәселенің қалай шешіліп жатқаны туралы сұрады. Облыс әкімінің айтуынша, екі тараптың бірін-бірі сотқа беру ісі әлі жалғасып келеді.

“Жалпы, "Кублей" мәселесінің, соның ішінде екінші тараптан туындаған дау-жанжалдардың халық арасында қаншалықты шу тудырғанын жақсы білесіздер. Енді бұл мәселе, жасыратыны жоқ, өзара келісім арқылы реттелген жоқ. Бір-бірін сотқа беруімен іс әлі жалғасып жатыр. Жалпы, "Кублей" – еліміздегі ең үлкен ет өнімдерін өңдейтін комбинат. Бүгінде қалыпты жұмыс істеп жатыр”, – деді облыс әкімі. 

Нариман Төреғалиев екі тарап арасындағы дау-дамайдың не үшін туындағанына да тоқталды. 

"Кублей" цехы қаланың қақ ортасында орналасқан. Сол маңайда көп қабатты тұрғын үйлердің бой көтеруіне байланысты жанжал туындаған. "Кублей" мекемесі облыстық сот шешімінің қорытындысымен келіспей, жоғарғы сотқа шағымданып жатыр. Қазір істер қаралатын болады. Бүгінде ол жерде екі үйдің құрылысы толық аяқталып бітті,  ішкі жұмыстар жүріп жатыр. Адамдар тұрып жатыр. Екі жақтың келісімімен мәселе шешілген жоқ. Жоғарғы соттың шешімін күтетін боламыз”, – деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Еске сала кетейік, Орал қаласындағы "Кублей" зауыты 3 жылдан бері әкімдікпен соттасып жатыр. Өндіріс ошағы зауыт маңындағы санитарлық аумақта көпқабатты тұрғын үй салуға заңсыз рұқсат берді деп жергілікті билікті айыптап отыр. Қос тараптың бітімге келе алмауынан қарапайым халық жапа шегуде. 

Талқылау