Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат күші 10 күнге жетеді: HUAWEI алғаш рет Қазақстанда фитнес-сағатын ұсынады

HUAWEI компаниясы HUAWEI WATCH FIT жаңа фитнес-сағатын алғаш рет тікбұрышты дизайнда ұсынып отыр. Құрылғыда пайдаланушыларға түрлі жаттығуларды орындауға көмектесетін анимацияланған фитнес-бағдарламалар, көптеген жаттығу режимдері, GPS бойынша тұрған жерін анықтау және денсаулық жағдайын мониторингтеу функциялары бар.

ХуавойСыртқы түрі

Жиектері дөңгелектеніп келген тікбұрышты корпустағы жаңа HUAWEI WATCH FIT фитнес-сағаты HUAWEI тізбегіндегі бірінші сағат болды. Диагоналы 1,64 дюймдік, шешілімі 240*456, пикселдерінің тығыздығы 326 ppi тең AMOLED-экран 16,7 млн түсті таниды, экранның пайдалы ауданы 70% тең және мәтіндік, графикалық ақпаратты көрсетудің үйлесімді пропорциялары далада жарық күн сәулесі түсіп тұрған уақытта да болмашы ғана бұрмаланады.

Салмағы 21 грамм 1 ғана болатын корпустың қалыңдығы 10,7 мм тең, силиконды бауының арқасында сағат қолда ыңғайлы орналасып, білекке нық тағылады. HUAWEI WATCH FIT үш түрлі түсте ұсынылады, қосымша дербестендіру ретінде HUAWEI циферблаттарының галереясында 130 астам дизайн берілген. Оған қоса, пайдаланушылар сағаттың экранын өз смартфонының альбомынан алынған фотосуретпен әшекейлеп, циферблатта көрсетілетін қажетті виджеттерді таңдай алады. Күту режимінде экран сөндірулі тұрған уақытта сағат алты көркем суреттің бірін көрсетіп тұрады, ол уақытты құрылғыны қоспай-ақ білуге мүмкіндік береді.

хуавейФитнеске жаңа көзқарас

HUAWEI WATCH FIT жаңадан спортпен шұғылдана бастаған пайдаланушыларға қолдау көрсету үшін арнайы жасалған. Бұл егжей-тегжей нұсқаулығы бар анимацияланған жеке жаттығулар функциясы бар алғашқы HUAWEI ақылды сағаты, онда 12 түрлі белсенділік және қалыпты жаттығулар көрсетілген 44 ролик бар. Бұл смартфон немесе басқа құрылғыны пайдаланбай-ақ фитнеспен айналысуға мүмкіндік береді. Егер спортзалға баруға немесе жаттықтырушымен бірге жаттығуға уақыт болмаса, қысқа күштік жаттығулар, іштегі пресс бұлшықеттерін жаттықтыру, созылу және басқа да бағдарламалар үйде жаттығуға көмектеседі. Оған қоса, сағат күнделікті белсенділікті қадағалап отырады, ал егер пайдаланушы ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз отырған болса, арнайы еске салу қызметі бойды жазу қажеттігі туралы хабарлайды.

Спорт сабақтарын толық қадағалауда ұстайтын пайдаланушылар үшін HUAWEI WATCH FIT құрылғысында түрлі параметрлерді қадағалау мүмкіндігі бар 96 түрлі жаттығу бар. 11 кәсіби режим жүгіру, жүру, велосипедпен жүру, жүзу және көптеген басқа кеңінен тараған спорт түрлерін қамтиды. Фитнес, йога, би, доппен ойнау, судағы, қысқы және экстремалды спорт түрлері секілді тағы 85 режим кез келген спорттық қызығушылығы бар пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескереді. Пайдаланушылар өздерінің бағыттарын қадағалауы үшін GPS бойынша тұрған орнын анықтау функциясы жүру, жүгіру немесе қолды көтеру кезінде сигналдың бағытын есепке алады. 5 АТМ тең су өткізубеушілік қасиеті сағатты судағы жаттығу кезінде қорғайды.

Дәл сенсорлар мен интеллектуалды алгоритмдер жүректің жиырылуы жиілігі мен аралығын ғана емес, жұмсалған калорийлерді, жаттығудың ұзақтығын және тағы басқаларын дәл белгілеп отырады. Пайдаланушылар алынған ақпаратты пайдалана отырып, қолданбада ақпараттық графика жасай алады.

Хуваей

Денсаулық жағдайын мониторингтеу

Денсаулығының барлық маңызды параметрлерін кешенді мониторингтеуді қажет ететін пайдаланушылар үшін HUAWEI WATCH FIT тамырдың соғуын, түнгі ұйқы сапасын, күйзеліс деңгейін және қанның оттегімен қанығу дәрежесін (SpO2) шынайы уақыт режимінде тәулік бойы өлшеп отыру мүмкіндігін ұсынады. 2 Пайдаланушылар барлық алынған мәліметтер туралы статистика мен егжей-тегжей ақпаратты Денсаулық (Huawei Health) қолданбасынан көре алады.

HUAWEI патенттеген TruSeen™ 4.0 жүрек ырғағын мониторингтеу технологиясы жүректің жиырылум жиілігін фондық режимде қадағалап, ағымдағы мәнін өткен 24 сағат ішіндегі өзгеру кестесімен бірге шығарып бере алады. Тыныштық күйінде болғанда жүректің жиырылу жиілігі ұзақ уақыт бойы берілген мәннен асып немесе жетпей отыратын болса, сағат мұндай ауытқулар туралы пайдаланушыға хабар бере алады. HUAWEI TruSleep™ 2.0 фирмалық функциясы тамырдың соғу және демалу жиілігінің өзгеруі бойынша көп мәліметті талдау арқылы түсті қадағалап, оның кезеңдерін және түнгі демалыс сапасын анықтап отырады. Интеллектуалды алгоритм ұйқыға кету және ояну уақыттарын, түстің жылдам және терең кезеңдерінің ұзақтығын, түнде ояну санын анықтайды және осы мәліметтердің негізінде түнгі демалыстың тиімділігі туралы есеп жасайды.

Хуавей

Функцияларының алуандығы

HUAWEI WATCH FIT музыканы қосып-өшіруді басқаруға, смартфонның камерасы арқылы қашықтықтан суретке түсіруге, ақылды сағаттың көмегімен смартфонды іздеп табуға, күні бойы қандай мәлімдемелер және ескертулер алатынын таңдауға және жеке өзіңізге қажет функцияларды таңдауға мүмкіндік береді, мысалы: Ауа райы, Оятқыш қоңырау, Таймер, Секунд өлшеуіш, Шам және т.б.

Автономды жұмыс істеу уақытының ұзақтығы арқасында HUAWEI WATCH FIT сағатын 10 күнге дейін үзіліссіз пайдалануға болады. HUAWEI SuperCharge технологиясы сағатты бес минут қана қуаттап, күні бойы пайдалануға, ал жарты сағатта батареяны 70% қуаттауға мүмкіндік береді.

Жаңа сағаттар сатылымға 28 қыркүйекте барлық электрондық техника дүкендерінде қолжетімді болады. HUAWEI WATCH FIT екі нұсқада ұсынылады: Active және Elegant. Active нұсқадағы сағаттың ресми бағасы 59 990 теңге. Қолжетімді түстер: қара, жасыл, күлгін. Elegant нұсқасы қара түсте қазан аяғының соңында қолжетімді болады. Ұсынылатын бағасы 69 990 теңге.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр