AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде куәлігі мен ұялы телефоны жоқ қариялар "Ашықпен" істейтін орындарға кіре алмай қиналуда

Алматыда "Ашық" жүйесімен жұмыс істейтін кейбір тамақтану орындары жеке куәлікпен ішке кіргізбейді. Яғни "Ашық" қосымшасы бар телефоныңыздың қуаты таусылып өшіп қалса, сол маңайдан басқа дәмхана іздеуіңізге тура келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ал кейбір кәсіпкерлер әлі күнге дейін тұрғындар "Ашықпен" жұмыс істейтініміз үшін кафеге кірмей кетеді дейді. Бұл жүйе енгізілгелі бері 46 мыңнан астам адам өзі ковидпен ауырып тұрып, не сол науқастанған адаммен контактіде болғанын біле тұра, көпшілік орындарға емін-еркін кірмек болыпты.

Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарына қолыңызда ұялы телефон болмаса, жеке куәлікпен кіру мүмкін емес. Саудамыз тұралап қалды дейтін кейбір кәсіпкерлер клиенттерді тартуда өздері-өздеріне осылай кедергі келтіруде әрі азаматтардың құқығын шектеп отыр. Жастардан қарағанда қаладағы қарт кісілер "Ашық" жүйесінің келеңсіздігімен күнделікті бетпе-бет кездесіп жатқандарын айтады.


Еліміздің "қызыл" аймақтағы өңірлерінде демалыс күнгі локдаун сақталатын болды


Кәсіпкерлер, әлі де өз статусын көрсеткісі келмейтін клиенттердің дәмханаға кірмей, айналып өтетінін айтады. Бұл онсызда 3 апта демалыс күндері жұмыс істемей жатқан тамақтану орындары үшін қып-қызыл шығын дейді.

“Ең басында бастағанда адамдардың 30 пайызы бұрылып кетіп қалатын. Қазірде де жазып жатыр, сендерде Ашық болса біз бармаймыз деп, біздің не істеп жатқанымызды, қайда жүргенімізді сендер тексеріп жатырсыңдар деп. Ресторанның көбі 8-ге дейін істеген деген ол 50-70 оборот жоқ деген сөз”, – дейді кәсіпкер Гүлмира Майғарина. 

Негізі ковидке қатысты өз статусыңызды үйден не жұмыстан шықпай-ақ алдын-ала біліп алуыңызға болады. Ол үшін телефон немесе компьютер арқылы ashyq.kz сайтына кіріп, көрсетілген QR кодты қолыңыздағы ұялы телефондағы Ашық қосымшасымен сканерлесеңіз жеткілікті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр