Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ҚТЖ" ҰК" АҚ темір жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың төрағалығымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да бейнебайланыс режимінде темір жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті. 

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. 

Кеңесті аша отырып, Қ. Әлмағамбетов темір жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері үнемі талқылауды, кәсіби пікір алмасуды және қабылданып жатқан шараларды жетілдіруді талап ететіндігін атап көрсетті.  

Компания мен уәкілетті органдар тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға қарамай, теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайлары оны жақсартудың жаңа шараларын талап етеді. Ағымдағы жылдың басынан бері адамдардың темір жол бойында болуының 80 жағдайы тіркелді. Авто жүргізушілер кінәсінен 15 жол көлік оқиғасы орын алды. Мал басудың алдын алу үшін локомотивтік бригадалар 700 астам шұғыл тежегішті қолданған. 

"Мал басудың әрбір жағдайы ауыр зардаптарға әкеп соғады. Бұл мал иелеріне қаржылық шығын  ғана емес, жылжымалы құрамның  зақымдануына да әкеліп,  жолаушылар мен жүк поездарының қозғалыс кестесінің бұзылуына және кідірісіне алып келеді, оның үстіне, бұл пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп", - деді өз баяндауында "ҚТЖ" ҰК" АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Ниязбек Жанабаев.  

Тәжірибе көрсеткендей, темір жолдарда адамдар мен малдың кіруіне тосқауыл әсерін беретін қабылданып жатқан шаралар мен құралдар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. 

БАҚ-тарда тұрғындардың темір жолға жақын болу ережелерін сақтауы мен темір жолды кесіп өткен кезде абай болуға шақырулар мен өтініштер мал иелері, автокөлік жүргізушілері тарапынан еленбейді, және қабылданбайды да. 

Теміржол өткелдері арқылы өту ережесін бұзумен күресте  теміржолшылар жеке өткелдерді бейнебақылау құрылғысымен, соның ішінде "СЕРГЕК" жүйесімен жабдықтау және қоршау құрылғыларын орнату бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеуді тиімді шешім ретінде көреді. 

Сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлері темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзуға қатысты айыппұлдық санкциялар көлемін арттыру жөніндегі мәселелердің әлі толық пысықталмағандығын атап көрсетті. 2019 жылы өткен дөңгелек үстелде теміржолшылар "Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен шыққан болатын. 

Өндірістік кәсіпорындары мен жеке жеке тармақ иелерінің кірме жолдарында жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Ағымдағы жылдың 10 айында жолдан шығып кетудің 190 астам жағдайы тіркелді. Бұл ретте 326 дана вагон мен 37 локомотив зақымданды. Жолдан шығып кетудің негізгі себебі – тармақ иелерінің жолдың беткі қабатын сапасыз жағдайда ұстауы. 

"Кірме жол иелері бағыттамалы бұрмаларды, кірме жолдарды ұстап тұру кезінде жөндеу мен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдамайды және де тиеу-түсіру операциялары мен маневрлік жұмыстардың өндірістік технологиялары өрескел бұзылуда", - деді Ниязбек Жаңабаев. 

Мәселені шешу үшін теміржолшылардың уәкілетті органдармен тығыз өзараықпалдастығы мен тыйым салу шараларын қолдана отырып кірме жолдарға тексерістерді ұлғайтуы, тармақ иелеріне талапты қатандату қажеттігі атап өтілді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 16 Қараша, 2020 14:52
Талқылау