КСРО кезіндегідей өмір сүру үшін: Қуат Хамитов биліктегілерге қатаң сын айтты
Қуат Хамитов халықтың жағдайы мәз емес екенін тілге тиек етіп, оған биліктегі шенеуніктердің кінәлады. Биліктегілерге халықтың жағдайын жақсартуға өз ұсынысын айтты.
«Мен үшін ешбір министр де, депутат та абырой емес. Оларға деген құрметім баяғыда жоғалған. Олар мен үшін цирктегі сайқымазақтар секілді. Халықтың қарапайым сұрағына жауап бере алмаған әр шенеунік жұмысынан кетуі керек. Сіздер БАҚ өкілдерінен қашатын актер емессіздер! Біз бәріміз тіпті итке де 28 мың жалақының жетпейтінін білеміз. Орташа жалақы 163 мың деген өтірік әңгімені қойыңыздаршы. Бір түсінбейтінім, сіздер не себепті фашист секілді өз халқыңызды жек көресіздер? Олар соншалық не істеді?, – дейді Хамитов.
Спортшы БАҚ өкілдерінен сөзін билікке жеткізуді сұрады. Халықтың жағдайын бей-жай қалдырмау керек екенін ескертті.
«Біз тіпті алтыннан, мұнайдан, көмірден , ураннан бәрінен бас тартуға дайын күйге жеттік. Оның орнына 5 қарапайым нәрсені қайтарыңыздар. Азық-түлікті арзандатыңыздар. Жанармай мен білім алу ақысын, медицинны арзандатыңыздар. Жалақы мен зейнетақыны көтеріңіздер. Біз Дубайда өмір сүретіндей жағдайды талап етіп отырған жоқпыз. Тек лайық жұмыс беріңіздерші. КСРО кезіндегідей орташа, жақсы тұруға мүмкіндік беріңізер. Жалдамалы пәтерде, сарайда тұрып жатыр. Әркім елден кеткісі келеді. Сіздердің мойындарыңызда қарыз. Қалай түк болмағандай отырсыздар? Егер бұл нәрсені шеше алмайтын болсаңыздар, не үшін отырсыздар? БАҚ ұйықтамаңыздар, менің сөзімді оларға жеткізіңіздер. Мен олардың бетіне айтуға дайынмын», – деді спортшы.
Спортшы желіге министрлерге ” ай сайын 28 мың теңгеге күн көруге бола ма?” деген сұрақ қойылған видеоны жариялады. Шенеуніктер бұл сұрақтан бастарын ала қашты.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.