AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду әлем чемпионатында 11 метрден гол сала алмаған алғашқы португалдық болды

Бұкіл әлемге танымал футболшы, Португалия ұлттық футбол командасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2018 жылғы Әлем чемпионатының матчында пенальтиден гол сала алмаған спортшы ретінде, тарихқа енді.

Криштиану Роналду әлем чемпионатында 11 метрден гол сала алмаған алғашқы португалдық болды

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Роналду Иран командасымен топтық кезеңнің шешуші финалында пенальти алды. Ойынның 53-ші минутында төреші видеоны қарап шыққаннан кейін 11 метрлік қашықтықта пенальти бекітті. Алайда пенальти соғуға өз еркімен шыққан Роналдудың 11 метрден тепкен добын қақпашы ұстап үлгерді.

Осылайша, Криштауну Роналду 11 метрден гол сала алмаған Португалия құрамасының 1966 жылдан бергі алғашқы ойыншысы болып, тарихқа кірді. Opta басылымының мәліметінше, бұл статистикаға мачтан кейінгі пенальтилер есепке алынбаған.

Иран мен Португалия құрамаларының кездесуі 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 45-ші минутында Рикарду Куарежма гол салды, ал ирандықтар 90-шы минутта пенальти теуіп, Карим Ансарифард гол салды.

Осылай Португалия құрамасы бес ұпай жинап, Испания құрамасының ізімен (5) плей-оффқа екінші болып өтті. Ал, Иран (4) және Марокко (1) құрамалары 2018 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр