Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көзіне тұз сепкен: Талдықорған тұрғыны жолдасының баласына көрсеткен озбырлығы жайлы айтып берді

Алматы облысында өгей әкесі аяусыз ұрып тастаған 8 жасар баланың анасы Нина Шелипова жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Нина Шелипованың айтуынша, оның азаматтық некедегі күйеуі баласын ұрып қана қоймай, көзіне тұз сепкен. Сондай-ақ, ол оқиға болған кезде үйде болғанын мойындады.

"Сол уақытта күйеуімнен қорықтым. Балам екеуімізді бірдей өлтіреді деп ойладым. Ол ішімдік ішіп алған. Біз оның айтқанының бәрін істедік. "Ваннаны жу" деді, жудық. Бірақ соған қарамастан ұлымды ұрып-соқты. Көзіне тұз септі", - деді Нина Шелипова.

Оның айтуынша, көршілері полиция шақырғаннен кейін ғана ол жедел жәрдемнің көмегіне жүгінген. 

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта бала Талдықорғандағы облыстық балалар аурухасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оны 19 сәуір күні сағат 00:36-да  жедел жәрдем өте ауыр жағдайда жеткізген. Бала ес-түзсіз халде болған.

"Үш күннен кейін ғана есін жиды. Миына қан құйылған. Кеуде қуысы, іш қуысы, өкпе, ішектерге зақым келген. Сүйектері аман, сынбаған", - деді Алматы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

Баланың анасы ішімдікке әуесі жоқ екенін атап өтті.

"Үйімізде отбасылық жанжалдар болып тұрады...Мені де ішімдік ішті деп ойлайды. Бірақ еш уақытта ішпегенмін, шіркеуге барамын", - деді Нина Шелипова.

Оның 32 жастағы азаматтық күйеуімен бірге тұрып жатқанына үш жылға жуық уақыт болған. Дегенмен, әйел баласына қорлық көрсеткен адамның заң алдында жауап беруін қалайды.

Баланың өгей әкесі қылмысын толығымен мойындап отыр.

"Ол жасаған қылмысын толығымен мойындап отыр. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысында. ҚР ҚК-нің 106 бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру) бойынша сотқа дейін тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ақбота Әзірбек.

Айта кетейік, ер адам үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында өгей әкесі жеткіншекті өлімші етіп сабағаны жайлы айтылған еді. Содан кейін ер адам баланы тәрбиелеу мақсатында оның басын шойын ваннаға ұрғаны белгілі болды.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр