Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көзіме шөп салды": Әйелдерге ақыл-кеңесін айтатын әйгілі Құралай ханым отбасындағы кикілжіңдер туралы сырын ашты

Белгілі отандық психолог Құралай Ошақбаева ерте тұрмыс құрып, көптеген қателіктерге ұрынғанын, бірақ бәрін "жеңіп" шыққанын жеткізді. "Астана" арнасындағы "Оңай емес" бағдарламасына берген сұхбатында ол жары көзіне шөп салғанын, оны кешіргенін және қазіргі уақытта отбасылық бақытқа жеткенін баяндады. Бұл туралы аталмыш бағдарламаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Тәтемнің айтқаны бар еді, мынау жігіт 3-4 әйел асырайтын жігіт қой деп. Енді 4-5 әйел болған жоқ, бірақ 1-2-уі болды. Сол менің жүрегіме қатты тиді", - деп мойындады Құралай ханым.

Көзіне шөп салды ма деген жүргізуші Салтанат Қалиеваның сауалына ол басын изеп, иә, ондай болды деп жауап берді. 

"Кешірдім деп айта аламын, кешірмесем тұрмас едім осынша жыл. Неден болғанын білмеймін әлі күнге дейін, бірақ екеуміз де кінәліміз. Мен оның әлгі "төрт оборотына" (энергиясын меңзеп тұр - ред.) жете алмадым. Өзі бұрыннан жалындап-жанып жүрген жігіт, айналасында түрлі әдемі қыздар болады. Мен үйде өзімнің бала-шағаммен отырып қалдым. Бірінші қадамды өзім жасадым, кешірім сұрадым. Екі-үш күн ұрыс болады үйде, артық әңгімелер айтылады. Сол үшін кешірім сұрадым. Мен ол кезде иіліп барып, жеңбесем, екеуміз екі жаққа кетіп қалатын едік. "За то" қазір ол менен кешірім сұрайды. Осы уақытта отбасымызда - әдемі гармония, бәрін түсіністікпен шешеміз, сондай өмірге келдік. Сондықтан бұрынғы өмірге өкінбеймін. Мықты болу керек, мықты болған кезде ғана басқа жақтың бәрін реттеп қоясың", - дейді қазақстандық қыз-келіншектерге тренинг өткізуден жалықпайтын психолог. 

Талқылау