Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көзге жас келтірді: Мейрамбек Бесбаев Ернар Айдармен бірге жантебірентерлік бейнебаян түсірді (видео)

Ернар Айдардың бала арманы орындалды. Хитмен елімізге белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевпен дуэт орындап, бірігіп бейнебаян түсірді. Жантебірентерлік туынды көпшілікті бей-жай қалдырмады, деп жазады Stan.kz.

Көзге жас келтірді: Мейрамбек Бесбаев Ернар Айдармен бірге жантебірентерлік бейнебаян түсірді (видео)

Бұл – Мейрамбек пен Ернардың екінші дуэті. Осыдан жарты жыл бұрын қос өнер иесі “Сен жоқта” атты әнді халық назарына ұсынған болатын. Ал бейнебаян түсірілген бұл ән “Мен сені ұмытпаймын” деп аталады.

Сюжет желісі бойынша, ер азамат сүйген қызына ұсыныс жасамақ болғанда ол талып қалады. Кейіннен оның науқас екені анықталады. Ота бөлмесіне кірмес бұрын қыз сүйген жігітіне сақинасы мен ең жақын құрбысының суретін ұстатады. Сол сәтте қос ғашық қоштасады.

Жантебірентерлік бейнебаян көпшілікті бей-жай қалдырмады. Тыңдармандар әннің мағыналы, ал бейнебаянның сапалы шыққанына қуана жеткізді. Көпшілік туындыны көре отырып, көздеріне жас алғандарын жасырмады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр