"Қойдың майын жағып жатырмын": Баян Мақсатқызы бала күтіміне қатысты ойын бөлісті
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы жаңа туған екі қызына қандай күтім жасап жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі тамыз айында екі мәрте қызды болған еді. Жеке парақшасында қыздарының фотосын көрсетіп, бала күтіміне қатысты оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
“Қырқынан шықпады ғой. Әсіресе балаға сыртқа шығуға болмайды ғой қазақ ырымында" деген оқырман пікірін жауапсыз қалдырмады.
“Қойдың майын жағып үйде отыра беріңіз" – деп жауап берді Баян Мақсатқызы.
-
Төртінші рет қызды болған Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты
-
"Ешкілерден де озды": Мөлдір Анарбаева 15 күннен кейін тағы қызды болған Баян Мақсатқызын құттықтады
Одан кейін продюсер расында бала күтімінде қойдың майын қолданатынын айтты.
“Айтпақшы, қойдың майын жағып жатырмын. Бірақ күніне екі рет далаға шығамыз", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы екі қызына фотосессия жасағанын жазған едік.