Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костюм, әшекей, қолсағат: Қазақстандық депутаттардың киімі қанша тұрады

Бір костюм үшін 130 мың теңге. Еліміздегі шенді-шекпенділер киетін ең арзан киімнің бағасы осындай. Бұл тек костюм-шалбардың құны. Оған галстук пен жейдені, туфлиді қосыңыз! Одан қалса, қол сағаты бар.

Костюм, әшекей, қолсағат: Қазақстандық депутаттардың киімі қанша тұрады

Ал бұрымды депутаттар ай сайын бір киімге қанша теңге жұмсауға дайын? Жалпы, отандық өнім отандық  шенеуніктердің арасында трендте ме? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгінде трендтен қалмау үшін бренд іздейтініміз белгілі. Шетелдің бағасы удай брендік өнімдері қалтаны қанша қаққанымен, одан бас тартпаймыз. Ал халықтың қамын ойлап, күні-түні заң шығарудан қолы босамайтын vәжіліс депутаттары айына бір киімге қанша теңге жұмсауға дайын? Оны өздерінен сұрап көрдік.

"Ай сайын жұмсамаймын, жылына бір рет аламын! Бренд деп айтады, әр адам өзінің тұла бойына сай киім, ол қай жақтың киімі болса да, мәні сонда болады", - дейді депутат Зәуреш Аманжолова. 

"Мен көбіне осы өзіміздің тігіншілерге тіктіремін. Шамамен 50-60 мың, екі баласы бар адамдарға қымбат, алтыннан гөрі күмісті жақсы көремін!", - дейді Бақытгүл Хаменова. 

Отандық киім киіп, өз өндірушілерімізді қолдау керектігін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерден талай мәрте талап еткен болатын. Тіпті, оларға үлгі-өнегі болып, өзі де Қазақстанда жасалған костюм киетінін көреткен еді. Бұған Үкімет мүшелері де үн қатқаны есімізде.

«Отандық костюм киемін. QLP. Алматыда жасалған», - деді Ерлан Сағадиева. 

«Отандық киім өндірушілер де шенеуніктер жиі келетінін жасырмайды. Олардың айтуынша, арнайы тапсырыспен тігілетін костюмнің ең арзаны 100 мың теңге!», - дейді Асқар Жұмағалиев.

"Бізде негізінен әкімдіктен, министрліктен костюм заказ беріліп алынады. Жеке кәсіпкерлерде келіп алады. Өзім барып замер алғаным Қаржы министрлігі мен Исекешев мырза да заказ беріп алады», - деді сатушы. 

Депутат ханымдар айына 50-60 мың жұмсаса, кей халық қалаулысы тіпті соңғы 4-5 жылда  киімдерін мүлдем жаңартпағанын айтады.

"Мен көп жыл алған киімдерімді киіп жремін! Соңғы 4-5 жылда оны жаңартқан жоқпын!", - деді депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов.

"Бақытгүл ханым айтты, айына 60 мың жұмсаймын деді!Жоқ, біздің киімізде.  сәйкес киіну керек. Мен дүкеннен аламын", - дейді Бейбіт Мамраев. 

Ал білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те тек отандық киімдерге ғана тапсырыс беретінін айтады.

"Қазақстаннан, қазір көйлекте Қазақстандікі. Кейбір заттар Қазақстаннан, кейбірі үшін дүкенге барасың", - дейді Аймағамбетов.

Министрлер мен депутаттар киімге қанша ақша жұмсайтынын мейлінше жасырып бағуға тырысқанымен, кәсіпкерлер дені дұрыс костюмге 130 мың теңгеден көп қаржы кетеді дейді. Албастан-аяқ сықиып тұрып киінуі үшін қанша қажеттігін өзіңіз есептей беріңіз. Нәзік жандардың қажеттілігі бұдан да зор. Оларға көйілектен бөлек, алтын алқа мен сырға-сақина, білезікке, түфлиіне аз кетпесі анық.

Талқылау