Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда Freedom Finance филиалының бұрынғы басшысы қызметкерлерінің сыйақысын заңсыз иемденіп алған

руслан какенов

Фото: КазТАГ

Қостанайда Freedom Finance филиалының бұрынғы басшысы Руслан Кәкенов бес жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот ұрлық алаяқтық және қызметтік бабын асыра пайдалану арқылы жасалған деген қорытындыға келді. Яғни Қостанайдағы Freedom Finance филиалының қызметкерлеріне төленген сыйақыларды тәркілеген.

“Тәркіленген сыйақылар сомасы өте қомақты. Сіз бұл ақша іздікі немесе Жангеловтікі емес, менеджерлердікі екенін түсіндіңіз. Жиналған дәлелдер сіздің соны алғаныңызды көрсетіп тұр. Сіздің жәбірленушілердің қаражатты өз еркімен аударуы туралы уәждеріңіз негізінен тағылған айыппен сәйкес келеді. Еріктілік алдау арқылы қалыптасады. Сіз оларды алдап, жалған ақпарат бердіңіз”, – деді судья Кузнецова.

Кәкенов Қылмыстық кодекстің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы “Аса ірі мөлшерде бопсалау” бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жеті жыл бойы банктер мен басқа да қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Сот жәбірленушілердің талаптарын да қанағаттандырды. Кәкенов өзінің бұрынғы қол астындағы қызметкерлері Ержановқа 50 миллион теңге, Қаракузиеваға 16 миллион теңге, Сақтағановаға 8 миллион теңге төлеуі тиіс.

Кәкенов сот залында қамауға алынды.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 18:06
Талқылау