Қостанайда ер адам пышақпен балаларға шабуыл жасаған
Қостанайда қолына пышақ ұстап, балаларды қорқытқан мас ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары әл-Фараби даңғылы бойындағы 91-үйдің ауласында қолында пышақ ұстаған жас жігіттің тұрғындарды қорқытқанын хабарлады.
"Оқиға ойын алаңының жанында болды. Ол балаларға, жасөспірімдерге және өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады", – дейді куәгер.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 10 сәуір күні сағат 20.26-да 102 пультіне Әл-Фараби көшесінің бойында қолына пышақ ұстаған жас жігіт жүргені туралы бірнеше хабарлама түскен.
"Оқиға орнына автопатрульдік және жаяу патрульдер жіберілді. Нәтижесінде Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын мас күйінде ұстады, ол дәрігерлік сауықтыру пунктіне жеткізілді", – деп хабарлады полиция.
Ер адам 440-бап "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер ұсталған ер адамның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын түсіндірді.
"Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеліп соғады", — дейді сот орындаушылары.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
