Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда балаларды ұрып-соққан түзету орталығына тексеру жүргізіледі

Балалардың ұрған түзету орталығы

Фото: Видеодан скрин

Қостанай қаласының білім бөліміне "Аманатик" ЖШС-ға қарасты түзету орталығына барған балалардың ата-аналарынан бірнеше шағым түсті. Арыз-шағым негізінде мекемеге тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл түзету орталығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бар. Келіп түскен шағымдарға байланысты "Аманатик" түзету орталығына арнайы комиссия жіберіліп, балалардың жағдайына қатысты тексеріс жүргізіледі.

“Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды. Балалардың құқықтарын сақтау, олардың қауіпсіздігін, өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге әрдайым басымдық беріледі”, – деп мәлімдеді білім бөлімі.

Сондай-ақ Halyqstan Telegram арнасының мәліметінше, орталықта жатып тәрбиеленетін 9 жастағы аутизмі бар бала қолын сындырып алған.

Оқиға 28 маусымға қараған түні болған. Бала жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізлді. Дәрігерлер оған қол сүйМұны бейнебақылау камераларындағы жазбалардан көруге болады. 

Кейінірек мейіргер баланың жаялығын шешіп, оны ойын бөлмесіне апарғысы келгенін айтқан. Оның айтуынша, баланың айқайы өзге балалардың ұйқысын бұзбас үшін осындай әрекетке барған. Сондай-ақ бала санитарлық бөлмеде кенеттен жерге отырып қалып, қолын ұрып алған. Осыдан кейін ол әріптестерін көмекке шақырып, жедел жәрдем шақырған. Дегенмен дәретханада бейнекамера болмағандықтан, баланың жарақат алған сәті көрінбейді.

Қостанай облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

"Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысы бар барлық тараптың әрекетіне заң аясында баға беріледі", – деп мәлімдеді департамент.

Сонымен қатар қылмыстық іс аясында Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына құқықбұзушылыққа себеп болған жағдайлар мен себептерді жою жөнінде ұсыну хаты жолданады. Тергеудің мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін де осы орталықта тәрбиеші жасөспірімге үтік басып, азаптады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді. "Азаптау" бабы бойынша тергеу басталып, оқиғаға қатысы бар қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Қостанайда түзету орталығындағы тәрбиешілердің балаларды ұрғаны видеоға түсіп қалғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 08:48
Талқылау