Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда бала ашық құдыққа құлады

Қостанайда 10 жасар бала су толған ашық люкке құлады. Балаға ота жасатуға тура келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наш Костанай" сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Темірлан Жанаттың туыстары хабарлады. Олардың айтуынша, баланың таза ауада серуендеуі бүкіл отбасы үшін қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді.

"Менің немерем досымен көшеде ойнап жүрді. Олар Бородин-Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан тротуардың бойымен жүрді. Темірлан жерде жатқан "Жаяу жүргіншілер өткелі" белгісін басқанда, суға толы құдыққа құлап кетті. Оны қасындағы досы құтқарды", - деп еске алады атасы Жанат Қартбаев.

Оның айтуынша, Темірлан құлаған кезде темір арқалықтарға басымен соғылып, тіпті біраз уақыт есін жоғалтқан екен. Сол күні облыстық балалар ауруханасында оның басына операция жасалды. Баланың миы шайқалған, денесіне көптеген жарақаттар бар.

"Біз құдықтың "Қазақтелекомға" тиесілі екенін білдік, олар құдықтың жағдайын қадағалап отыруы керек. Сондай-ақ, ауыр машиналар люктің қақпағының бойымен жүріп өтткенде, оның бетіне зақым келгенін анықтадық. Нәтижесінде құдықты жол белгісімен жауып қойған", - дейді Жанат Қартбаев.

Солтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясының Қостанайдағы жергілікті желілер техникалық орталығының директоры Михаил Полетаев құдық "Қазақтелеком" АҚ-ға тиесілі екенін растады.

"28 шілдеде шамамен 21:00-де мердігер жөндеу жұмыстары кезінде "Қазақтелеком" АҚ құдығына зақым келтірген. Бақылау тобы бұзу туралы акт жасады. Мердігер құдықтың қақпағын қалпына келтіруге міндеттелді", - деді Полетаев.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр