Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай сотының бұрынғы судьясы Асқар Дәрбаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанай сотының бұрынғы судьясы Асқар Дәрбаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аскар Дарбаев

Дереккөз: Время басылымы

Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Облыстық соттың әкімшілік алқасының төрағасы Асқар Дәрбаевқа кәсіпкер Михаил Корнеевтен 19 миллион теңге көлемінде пара талап етті деп айып тағылған. Судья 2022 жылдың 17 тамызында парамен ұсталған еді.



Пара берген делдал, кәсіпкер Елжас Қалқаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Талқылау