Қостанай облысындағы мұғалімнің айыптауларына бұрынғы күйеуі жауап берді
Қостанайлық жас мұғалім Айсұлу Байтықованың бұрынғы күйеуі Әлібек Байтықов ainanews.kz басылымының парақшасында мұғалімнің айыптауларына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, мұғалім жақында бұрынғы күйеуі оны аңдып, бетіне қышқыл құйып жіберемін деп қорқытқанын айтқан еді. "Ол менің бетіме қышқыл төгіп жіберемін деп қорқытты. Қарабалық ауылында мені ешкім естімейді. Сіздерден осы кісіден құтқаруларыңызды сұраймын. Бала қорқып қалған, психикасы бұзылған, мендеде сондай жағдай", - деді әйел.
Әйелдің бұл эмоционалды видеосы "НеМолчи" қорының парақшасында, сондай-ақ қазақстандық БАҚ-та пайда болды. Кейіннен іс қалың жұртқа жарияланып, елдің наразылығын тудырды.
Осыған байланысты Әлібек Байтықов халыққа өзінің үндеуін жазды. Ер адам бұрынғы әйелінің сөздеріне таңғалғанын мойындады. Оның сөзіне қарағанда, қоғамда үлкен наразылық тудырған видеоға жауап беру дұрыс шешім болды.
"Қазір мен қоғам алдында құбыжық, кісі өлтіруші, қудалаушы болып көрінемін, бірақ халықтың алдында түсініктеме бергім келеді. Менің табалауға лайық адамдардың қатарына енуім, мені қатты қынжылтады", - деді Әлібек Байтықов.
"Мен 34 жастамын. Мен қоғамда өз орны қалыптасқан адаммын, екі жоғары білімім бар, сүйікті жұмысым бар. Жеке өмірім бар. Мен қызым Диананы жақсы көремін.
Айсұлу екеуміз 2013 жылы үйлендік. Біз бір-бірімізді жақсы көрдік және өмір бойы бірге болуды жоспарладық. Бірақ нәтиже болмады. Бұған екеуіміз де кінәліміз. Содан кейін қиын ажырасу процесі, бір-бірімізге ренжу, және ең бастысы, қызымызды қалай тәрбиелеу керек екендігінде екі түрлі көзқараста болдық. Бұл проблема барлық кейінгі қақтығыстардың себебі болды. Бірақ үйленгенде де, одан кейін де мен ешқашан шектен шыққан емеспін, өйткені егер әйелге қолымды көтерсем, өзімді еркек ретінде құрметтеуден қаламын", - деді ол.
"Мен баламның анасын қалай ұрдым? Мен оны ешқашан аңдыған емеспін", - деді Байтықов.
"Айсұлу Қарабалықтан оны жұмыстан шығарғаным үшін емес, оның артынан аңдығаным үшін емес, жеке өмірін басқа адаммен құрғандықтан кетті. Оған барлық құқығы бар. Мені қатты мазалайтын нәрсе - қызымның менімен алысқа кеткені. Бірақ, бақытымызға орай, тіпті осындай жағдайларда да біз бір-бірімізді көреміз", - деді ол.
Жолдаудың соңында автор "бүкіл елге тек бір жақтың позициясын тарататын" "НеМолчи" қорының жұмысынан көңілі қалғанын айтты.
"Олар мені тыңдауды қажет деп те санамады. Бір себептермен, қор объективті түрде ғана жұмыс істейді, бірақ адам тағдыры жайлы сөз қозғалғанда үстірт жұмыс істеуге болмайды. Нәтижесінде бұның бәрі жаппай қудалауға, маған және жақындарыма қауіп төндірді. Әйелдер құқығы туралы бәрі жиі айтады, бірақ ер адамдардың да сезімдері бар және олар да зардап шегеді. Әкелер де көмек пен қолдауды қажет етеді.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі бұл істі Қарабалық ауданының полиция басқармасы тіркегенін айтқан. Жас келіншектің айтқан барлық фактілері тексеріліп жатыр, нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
