Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 5-сынып оқушысын қатарластары қыздырылған ас үй құралымен күйдірген

мектеп оқушысын қатарластары ас үй құралымен күйдіргенФото: “Слобажанка”

Қостанай облысы Лисаков қаласында мектеп оқушылары 5-сыныпта оқитын қызды ыстық ас үй күрекшесімен (лопатка) күйдірген. Мұндай "ойынды" қыздар спирттік ішімдік ішкеннен кейін жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес 6-сыныпта оқитын қыздар металлдан жасалған ас үй күрекшесін газ плитасында қыздырып, ұйықтап қалған таныстарының аяқ-қолын және бетін күйдірген.

Қыздардың бұл әрекеті үшін олардың ата-аналары сот алдында жауап берді. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денесінде жеңіл деңгейдегі дене жарақаттары барын растады. Сот жәбірленушіге келтірілген моральдық зиянды 1 миллион теңгеге бағалады.

Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ляззат Байгожинаның айтуынша, бұл сома екі ата-анадан 500 мың теңгеден өндіріледі. Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа болашақта қажет болған жағдайда қосымша ем немесе жарақат салдарынан қажет болатын косметикалық операция шығындарын өндіру үшін сотқа жүгіну құқығы бар екенін түсіндірді.


"Бағанашыл" балалар үйіндегі балалар сол орталықта қалатын болды


"ESCOBAR OPTOM": Алматыда вейпті Telegram арқылы мектеп оқушыларына сатып келген


Еске салайық, бұған дейін Өскеменде жасөспірімдер 12 жасар қызды аяусыз соққыға жыққанын жазған едік. Оқиға 9 маусым күні сағат 17:30 шамасында болған. Аталған жағдайды әлеуметтік желіде белсенді Александра Исмаилова хабарлады. Белсенді және зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, оған 11-15 жас шамасындағы үш жасөспірім шабуыл жасаған. Олар оның беті мен басынан ұрып-соққан. Нәтижесінде қыздың миы шайқалып, көзілдірігінің сынуынан беті жараланып, ауруханаға түскен. Баланың анасы оның бетіндегі жаралар терең, ауыр тыртықтар болуы мүмкін екенін айтты.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 03 Тамыз, 2025 08:52
Талқылау
`