Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында қос зейнеткерді қатігездікпен пышақтап өлтіргендер ұсталды

Қостанай облысында екі зейнеткерді қатігездікпен өлтіріп, ақшасын тонап кеткен. Полиция күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.  Қандықол қарақшының бірі қариялардың жақын танысы боп шықты. Тағы біреуі бұрын істі болған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТВ арнасына сілтеп хабаралайды. 

Қылмыскер

Кісі қолынан қаза тапқан зейнеткерлер осы қос пәтерлі баспананы мекендеген. Қанды оқиға болған күні оң қапталдағы көршілері түгел үйде болған көрінеді. Бірақ олар ешқандай дыбыс, айқай-шу естімеген.

"Оля тәте қатты сөйлейтін кісі еді жарықтық. Кейде шалына ұрысып жатқаны естілетін. Бірақ сол күні ешқандай дыбыс естілген жоқ. Әлі сене алар емеспін. Көршілерімнің қазасы мені есеңгіретіп кетті", - дейді көршісі Павел Киселов.

1 наурыз күні қан-жоса боп жатқан қарттарды әуелі әлеуметтік қызметкер көрген. Сол күні сағат он бірде Алтынсарин аудандық полиция бөліміне хабарлама түсіпті. Тергеуші сөзіне жүгінсек күдіктілер зейнеткерлерден ақша талап еткен. Қаскүнемдер қарттарды қатігездікпен пышақтап өлтірген.  

"Күдіктілер облыс оралығынан ауылға зейнеткерлерді тонау мақсатында келген. Олар ақша талап етіп, зейнеткерлерге пышақ жарақатын салған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Қостанай облыстық ПД тергеу басқармасының орынбасары.

Қандықол қарақшылар 160 мың теңгеден астам ақша алып кеткен. Қос күдікті осы Щербаков ауылының тумасы, тіпті оның біреуі қаза тапқан қариялармен етене араласқан. Оны жақсы танығандықтан, үйіне кіргізсе керек. Әйтпесе кешкі тоғыздан кейін есігін құлыптап, ешкімді жолатпаған. Қос қарияның қазасы барша қауымның қабырғасын қайыстырды. "Екеуі де елге сыйлы адамдар еді" деп еске алады ауылдастары.

"Ольга Васильевна балаларды әнге баулыды. Өте белсенді өмір салтын ұстанды. Барлық шараларға қатысып жүретін. Ақыл-кеңесін айтып, қол ұшын беруші еді. Керемет адам еді. Өте жақсы отбасы еді", - дейді ауыл тұрғыны Оксана Ретро. 

Сексен төрт жасында қапияда қаза тапқан Василий қария , зейнетке шыққанға дейін көлік жүргізген мықты механизатор болған. Ал оның зайыбы Ольга әжей саналы өмірін бала тәрбиесіне бағыштаған білікті педогог. Жетпіс бес жастағы қарт ана ғұмырының соңына дейін ауылдың мәдени-бұқаралық шараларына атсалысқан адам екен.

Талқылау