Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында сегіз сүт фермасы салынады

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде 8 сүт-тауар фермасы салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласында сүт бағытындағы мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін инвестициялық жобаларды 2 бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

“Олардың бірі - 8 сүт-тауар фермасын салу, оның 7-еуі сыйымдылығы 1 200 бас ірі қара малға арналған. Жылдық қуаты 15,2 мың тонна сүт өндіру. Тағы бір ірі тауарлы-сүт фермасының сыйымдылығы 3 000 бас ірі қара малы, қуаттылығы жылына 42,6 мың тонна сүт. Екінші жоба - қуаты жылына 200 мың тонна май экстракциялық зауытын және қуаты жылына 30 мың тонна құрама жем зауытын салу", - дейді өңір әкімі. 

Сондай-ақ әкім бүгінде өңір диқаншылары егіс науқанын аяқтағанын жеткізді. 

"Жаздық егіс 4,8 млн гектарды құрады. Оның ішінде 3,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақ, 3,5 млн гектар бидай егілді. Майлы дақылдар егісі 679,5 мың гектар болды. Облыс басшысының дерегінше, өңір тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жарма дақылдары, картоп және көкөніс алқаптары ұлғайтылды. Биыл 173,3 мың гектарға егілген азықтық дақылдардан басқа, өткен жылдардың 364 мың гектар көпжылдық шөбі бар”, – деді Архимед Мұхамбетов.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 22 Маусым, 2022 14:52
Талқылау