AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай әкімінің орынбасары халықтың вакцина салдырмағаны үшін жазаланады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жедел штаб отырысында қала және аудан басшыларын коронавирусқа қарсы вакцинацияның төмен қарқыны үшін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Мұхамбетовтың айтуынша, халықты вакцинациялау бойынша ең төмен көрсеткіш Қостанай, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалаларында анықталған.

"Рудный, Лисаков және Жітіқара ауданының әкімдері осы мәселе бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылуына байланысты, бүгін  шешім қабылдаймыз және Қостанай қаласы әкімінің вакцинация мәселелерін қадағалайтын орынбасарларын жазалаймыз. Бүгін маған есеп береді. Келесі жолы да халықты қамту орташа облыстық көрсеткіштен төмен болса, онда вакциналау мәселелеріне жетекшілік ететін қалған орынбасарлары, қалалар мен аудандардың әкімдері жауапкершілікке тартылады", – деп атап өтті облыс басшысы.

Архимед Мұхамбетов мониторингтік топтардың жұмысына да наразы. Олар 2237 тексеру жүргізіп, карантиндік шаралардың 97 бұзушылығын анықтады. Қостанай және Рудный қалаларында, сондай-ақ Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында мониторингтік топтар белсенді жұмыс істейді. Алайда Алтынсарин, Денисов, Қамысты және Науырзым аудандарында бірде-бір бұзушылық фактісі тіркелмеген. Бұл өңірлердегі мониторингтік топтардың жұмысын әкім формалды деп санайды.

Архимед Мұхамбетов кәсіпкерлерді Ashyq жобасына қосу жұмысы да бәсең жүріп жатқанын айтты.

"Менің ойымша, бұл жұмыс жоқ. Бір апта уақыт бар, бәрін Ashyq жобасына қатыстырыңыздар. Оларға адамдар барады ғой. "Қызыл "және “сары" мәртебемен болуы мүмкін, яғни олар ауырады және байланыста болады. Бұл жағдайға немқұрайды қарайтын адамдар бар, сондықтан Ashyq-ты аяқтау керек. Екі айдан бері резеңке сияқты созылып жатыр", – деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Қалалар мен аудандардың әкімдеріне Мұхамбетов еңбек ұжымдары мен білім беру саласының қызметкерлеріне ерекше назар аударуды ұсынды, өйткені жаңа оқу жылында өңір оқушылары мектепке қайта оралады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр