Қостанай облысында биыл ауыл шаруашылығын қолдауға 101,2 миллиард теңге қарастырылған
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қоғамдық кеңес пен облыстық мәслихат депутаттарына берген есебінде 2022 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға 101,2 миллиард теңге қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы жаздық егіс 4,8 миллион гектарды құрады, оның ішінде 3,9 миллион гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, оның ішінде бидай 3,5 миллион гектарды құрады.
“Облыс тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жарма дақылдарының алқабы – 13,8%-ға, қарақұмықтікі – 21,9%-ға, картоптікі – 12,1%-ға және басқа көкөністердікі – 43,5%-ға ұлғайтылды.Облысқа елдегі тамақ өнімдері өндірісі барлық экспортының ең көп үлесі тиесілі екенін атап өткен жөн”, – дейді Архимед Мұхамбетов.
Сондай-ақ облыстан ет, ұн, бидай, өсімдік майы, жарма, макарон өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер экспортталады.
Әкімнің айтуынша, бұнымен қоса, осы жылы елді мекендердің 550 шақырымнан астам жолдары мен 224 көшесін жөндеу жоспарлануда.
Осы жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімдігі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 78% - дан 85% - ға дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.
“2022 жылға "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы және "Ауыл Ел бесігі" жобасы аясында сумен жабдықтау және су бұру бойынша 48 жобаны іске асыруға 20,5 млрд.теңге бөлінді”, - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар 2022 жылы жылы білім беру саласын қаржыландыру 149,1 млрд.теңгені құрады. 5,5 млрд. теңгеге 3 мектептің құрылысы жалғасуда. 105 білім беру ұйымдарында 6,7 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
“Жүргізілген кешенді жұмыстардың арқасында PISA халықаралық зерттеулерінде және пәндік олимпиадаларда білім сапасы, оқушылардың нәтижелілігі бойынша оң динамика байқалады. Осылайша, білім сапасы 7% - ға артты”, – дейді әкім.