Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құбырдың 50%-ы тозған": "Павлодарда жылу желісі істен шығып, көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды

Павлодарда жылу желісіндегі салдардан алты көп қабатты үй мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Көшені ыстық су басып қалып, будан төтенше жағдай аумағындағы көру деңгейі нөлге дейін төмендеді. Мамандардың айтуынша, коммуналдық желілердің әбден тозығы жеткен. 

Қала бойынша 800 шақырым құбыр жүргізілген. Оның 80%-ы тозып кеткен. Десе де шенеуніктер барлық желі жарамсыз дегенге келіспейді. Олардың айтуынша, кей жерлерде құбырдың 50%-ы ғана тозса, ал кейбірі мүлде жарамсыз болып қалған.

Апат болған көшеде коммуналдық қызметкерлер таңнан бері жұмыс істеп жатыр. Құбырдың бір жарым метрі зақымданған болып шықты. Алты көпқабатты үй мен екі әлеуметтік нысан жылудан ажыратылды. Бұл – онкологиялық диспансер және емдеу-дене шынықтыру орталығы. Жылу желісін бүгін кешке дейін қалыпқа келтіру жоспарланып отыр. Оқиға орнында 15 адам мен 4 техника жұмыс істеп жатыр.

“Таңертең орталықтандырылған жылумен жабдықтау желілерінің істен шыққаны анықталды. Оқиға орнына тұрғын үй инспекциясының өкілдері аттанды. Қазір "Павлодар жылу желілері" ЖШС бригадасы мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр", – деді Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің маманы Оразбек Саяхат. 

Талқылау