Көшеде қараусыз қалған ленивец маймылы әлем елдеріне танылып үлгерген
Экватор елінің Лос-Риос провинциясында көшеде қалған ленивец маймылы әлеуметтік желі қолданушыларының арқасында жалпығаламдық феноменге айналды. Полицейлер көшеде елден көмек күткендей күйде тұрған ленивец маймылын тауып алған.
Бұл туралы bbc.com хабарлайды.
Приаматты 22 қаңтар күні жол қызметкерлері көрген. Олар маймылдың суретін Facebook желісіндегі транспорт комиссияарының парақшасына жүктеген.
Қазіргі уақытта маймылдың суреті 47 мың лайк жинап, 2 жарым мыңнан астам пікір жазылған. 16 мыңнан астам қолданушы өз парақшаларында бөліскен.
Желіде жарияланғандай, олар маймылды мал дәрігерлік ауруханаға жеткізген. Онда маймылдың дені сау екені анықталған.
Дүйсенбі күні маймылдың қолайлы мекеніне жеткізілгені белгілі болды.
«Маймыл өзі өмір сүрген ортаға оралып, өзін еркін сезініп жатыр. Барлықтарыңызға алғыс білдіреміз», – деп жазылған Эквадордың транспорттық комиссиялар сайтында.
Талқылау