Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеде әйелін пышақтап, содан кейін өзіне қол салды: Қостанайда күдіктіні аман алып қалды

Қостанайда әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Қылмыс 16 маусымда сағат 19:00-де қаладағы дәріханалардың бірінің жанында болды.

Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, тек әйелдің өлімін тіркеді.

“Қазіргі уақытта 1984 жылы туған ер адам 1988 жылы туған әйелді артериясына зақым келтіріп, мойнына пышақ салғаны белгілі болды. Жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Әйелді жарақаттағаннан кейін ол өзіне пышақ салды. Іш қуысына енген жарақатпен ауруханаға жатқызды”, – деді Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасында.

Ер адам операция жасалып, аман қалды. Сауыққанға дейін арнайы полиция бөлімшесінің жанында болады.

Қылмыстың себептері анықталуда.

“Наша Газета” басылымының жазуынша, куәгерлер ер адам марқұмның бұрынғы күйеуі екенін айтқан.

“Ол жүгіріп, көмек сұрады, ол оны пышақпен ұрды”, – деді куәгерлер

Гүлдана Қазтай
Сәрсенбі, 16 Маусым, 2021 21:47
Талқылау