Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қос нүкте қай кезде қойылады?

Бүгінгі материалымызда белгілі ғалым Рабиға Сыздықтың «Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы)» еңбегі бойынша қос нүктенің қай кезде қойылатынын назарларыңызға ұсынамыз. 

1.Әрі қарай санамалап кететін бірыңғай сөздердің, сөйлемдердің алдынан келетін жалпылауыш мәнді сөзден кейін кос нүкте қойылады.

Мысалы, Кеңсеге кіргендер асығыс еді. Бұлар: Айдана, Қуат, Жансая сияқты жаңадан жұмысқа тұрғандар екен. 

2. Салалас құрмаластағы біріне-бірі түсінік болып келген және өйткені, себебі деген жалғаулықтар түсіп қалып жасалған жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады.

Мысалы, Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлескен сөздер молайып, жақындай бастады. (Жүсіпбек Аймауытов)

3. Төл сөздің алдынан келген автордың сөзінен кейін қос нүкте қойылады.

Мысалы, Күлпаш телефонына үңіліп тұрып: - Мәссаған, маған біреу хабарласқан екен, естімей қалыппын..

5. Бірыңғай мүшелерден бұрын келген: мысалы, атап айтқанда деген қыстырма сөзден кейін қос нүкте қойылады.

Мысалы, Атап айтқанда: бірі - журналист, енді бірі - жазушы ретінде танымал.

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

 

Талқылау