Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың шарықтау шегі ақпанның ортасына келеді – Денсаулық сақтау минитрлігі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында елімізде COVID-19-дың таралу шегіне қатысты болжам жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер денсаулық сақтау министрлігінің өкілінен омикрон бойынша вирустың шарықтау шегі қашан болжанып отырғанын сұрады.

"Біз эпидемиологиялық жағдайға үнемі болжам жасап тұрамыз. Өздеріңізге мәлім, бізде болжам реалистік, оптимистік және пессимистік сценарий бойынша жүргізіледі. Бүгінгі болжам бойынша коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі ақпан айының ортасына тұспа-тұс келіп тұр", –  деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, қаңтар айында желтоқсанмен салыстырғанда аталған індетке шалдығу 11 есеге өскен.

"Омикрон штамының пайда болуымен әлем елдерінде коронавирус инфекциясының тез таралуы байқалды. Біздің елге келсек, жыл басынан бері 178 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды. Пандемияның бүкіл кезеңімен салыстырғанда алғаш рет індеттің тәуліктік тірекелуі 16 мыңнан асып түсті. Бұл омикрон штамының өте жұқпалы әрі тез таралуымен байланысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысынан басқа барлық өңір "қызыл" аймақта. Еліміз бойынша соңғы аптада КВИ-мен сырқаттану деңгейі 1,5 есеге өсті", – деді ол. 

Талқылау