Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың өлімге апаратын жаңа факторлары анықталды

Британдық ғалымдар миллиондаған адамның деректерін талдап, коронавирустан болатын өлім-жітімнің негізгі факторларын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

США коронавирус

medRxiv порталының мәліметінше, Оксфорд университеті мен Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің зерттеушілері 17 миллион британдықтың денсаулығы туралы мәліметтер жинады. Кокстың математикалық моделін — белгілі бір оқиғаның пайда болу қаупін болжауға және әртүрлі факторлардың мәнін бағалауға мүмкіндік беретін әдіс, қолдана отырып, ғалымдар қара нәсілділер және азиаттарда коронавирустан өлу ықтималдығы жоғары екенін анықтады.

Басқа қауіп факторларына жас, қант диабеті және ауыр демікпе кірді. Белгілі болғандай, көбінесе ер адамдар мен табысы төмен адамдар көз жұмады. Бірақ, зерттеушілер табысы төмен адамдардың неге тізімге кіргенін түсіндіре алмады.

1 ақпан мен 25 сәуір аралығында өткен зерттеу кезінде таңдалған адамдар тобынан коронавирус расталған 5683 пациент көз жұмған.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Мамыр, 2020 10:57
Талқылау