Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавируспен күрес үшін бюджеттен 192 млрд теңге бөлінген

Республикалық бюджеттен коронавируспен күресуге 192 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ақша

"Бүгінге дейін пандемиямен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде бюджетті нақтылау аясында 125 млрд теңге, мемлекеттік резервтен 66,9 млрд теңге бөлінді", - деді Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, бұл қаражат қатаң мақсатты бағытқа ие және мемлекеттік сатып алуды өткізген сәттен бастап түпкілікті сатып алушыға аударғанға дейін бақыланады.

Брифинг барысында айтылған қаражаттың жалпы санынан 125 млрд. теңге эпидемияға қарсы іс-шараларға, оның ішінде медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге, инфекциялық ауруханалар мен басқа да қажеттіліктерді қамтамассыз еткен. 

Республикалық бюджеттен мемлекеттік резервтен КВИ-мен күресуге 66 млрд 957 млн теңге қаражат бөлінді. Оның 46 млрд 587 млн ​​теңгесі денсаулық сақтау министрлігіне бағытталған.

"Азаматтар мен экономиканы қолдауға, сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға, соның ішінде «Нұр-Сұлтандағы» ортақ құрылыс жобаларын аяқтауға және басқа да басым міндеттерді орындауға қосымша 575 миллиард теңге бөлінді", - деп қорытындылады Шолпанқұлов. 

Талқылау