Коронавирус жұқтыруға ықпал ететін ауа райы белгілі болды

Қытай ғалымдары COVID-19 коронавирусын жұқтырудың жартысынан көбі ауа температурасы 5-15 Цельсия градусы тіркелген жерлерде болғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Зерттеушілер 21 қаңтар мен 6 мамыр аралығында әлемнің 185 елінде коронавирус расталған 3,75 миллион жағдай туралы мәліметтерді талдады. 60 пайызға жуығы ауа температурасы нөлден жоғары, бірақ Цельсия бойынша 20 градустан төмен жерлерде тіркелгенін анықтады. Сонымен қатар, COVID-19-дың 73,8 пайызы абсолютті ылғалдылық мөлшері текше метріне 3-10 грамм болатын аймақтарда шоғырланған.

Зерттеу нәтижелері коронавирус көбінесе қалыпты ендіктерде таралатынын және қоршаған ортадағы, оның ішінде беттердегі вирустық бөлшектердің шоғырлануы айтарлықтай ұлғаятын оңтайлы ауа райы жағдайлары бар екенін көрсетті.

Ғалымдар коронавирустың өршуі 2020 жылдың күзінде ірі қалаларда қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр