Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған Жанқош Тұраров жекпе-жекке шықпады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың Дубайдағы жекпе-жегі неге өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы D4G Promotions Жанқош Тұраров жекпе-жектен бас тартқанын хабарлады.

"Бүгінгі турнирде өкінішке орай өнер көрсете алмайтын болдым. Барлығы дүние жүзін жаулап тұрған короновирусқа байланысты. Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. турнирге шығар алдында міндеттелген ПЦР тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақ үй номерінде оқшаулады, салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды!

COVID-19 қайтадан ПЦР өткізуді өтіндік, өкінішке орай бүгінгі нәтиже тағы да "оң" көрсетті. Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып, коронавирустың тез жұқпалы екенін ескере отырып турнирден шектетілдім", - деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.

Аталмыш кештің басты айқасында Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын солтүстік ирландиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 KO) қарсы жұдырықтасуы керек еді.

STAN.KZ
Сенбі, 03 Сәуір, 2021 18:49
Талқылау