Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус пандемиясынан кейінгі адамзат өркениетінің жайы не болмақ?

Адамзат өркениетінің коронавирустан кейінгі жағдайы жайлы ресейлік футуролог Александр Кононов баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

цивилизация

"Біз өмір сүріп жатқан ортамыз бір-біріне қарама-қайшы екендігін түсініп келеміз. Вирустар, геофизикалық құбыластар мен ғарыштық ахуалдар, тағысы тағы бар. Өркениет бір сарынға келеді. Әрбір ел өздері тұрып жатқан аймаққа жауапты екенін түсініп, әлемнің болашағы үшін өз үлесін қосатын болады. Өркениетті құтқару үшін барын салады", - дейді футуролог.

Десек те коронавирус пандемиясынан кейін орын алатын жағымсыз өзгерістер де жетерлік дейді маман. Кононов өркениеттің бастапқы институттары мен экономикасына орасан зор нұқсан келетінін атап айтты. 

"Індетті дереу тоқтатпасақ, оны арты ауырға соғуы әбден мүмкін. Қайыршылық, тұтас анархия мен әлемдік экономиканың күйреуі - пандемия аяқталуының жағымсыз қырлары. Мемлекеттердің басшылары дұрыс емес тоқтамға келіп, халқын өз елдеріне қамап қоюы ғажап емес. Агрессия мен соғыс дәуірі қайта басталуы мүмкін", - дейді ресейлік маман. 

Бұған қоса ол пандемия аяқталуының тағы бір болжамын айтты. Сөзінше, бұл болжам - бейтарап және сәйкес әлемде еш өзгеріс орын алмайды, мемлекеттер осыған дейін қалай өмір сүрсе, сол тіршілігін ары қарай жалғастырады екен. 

Еске салайық, дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны миллионға жетіп отыр. Қазақстанда індетке шалдыққандар 500-ге таяды. 

Талқылау