Коронавирусты ең жиі жұқтыратын мамандық иелері белгілі болды
Жерлеу рәсімдерін орындайтын жұмысшылар коронавирусты дәрігерлерге қарағанда екі-үш есе көп жұқтырады. Дегенмен мұның себебі белгісіз, өйткені мамандар мәйіттерден де, тірі адамдардан да жұқтыруы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Катар ғалымдарының зерттеуі International Journal of Infectious Diseases ғылыми журналында жарияланды.
Осылайша, COVID-19-ға антиденелері бар және сырқаттанған мәйітхана қызметкерлерінің үлесі 19,1%- ды, ал зират қызметкерлерінің үлесі 29,6%-ды құрайды. Бұл ретте ауру дәрігерлердің үлесі 10,6%-ға тең.
Зерттеуге 47 мәйітханақызметкері және 81 зират қызметкері қатысқан. Олардың барлығы ПТР тестін немесе антиденелер анализін тапсырған.
Ғалымдар жұмыс аймағының беттерінен де сынамалар алды, бірақ онда коронавирустың іздері табылған жоқ.
Зерттеуге қатысушылардың көпшілігі жатақханаларда тұрғаны белгілі, яғни оларда үйде жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, бірқатар сарапшылар марқұмнан инфекция жұқтыру мүмкіндігі болғанымен, мәйітханалардағы немесе зираттардағы қарапайым жұмысшыларға қарағанда, денені ашқан патолог-дәрігерге қауіп жоғары екенін айтты.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
