Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус әлемдік экономикаға 1 трлн доллар шығын әкелеуі мүмкін - саясаттанушы

Коронавирус дүниежүзіне тарайтын болса, әлемдік экономикаға 1 трлн доллар шығын әкелеуі мүмкін. Бұл туралы “Қазақстан” телеарнасының тікелей эфирінде өткен “Ашық алаң” бағдарламасында саясаттанушы Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

доллар и коронавирус

“Қазір Қытаймен шекара жабылып жатыр. Жүк тасымалы тоқтады. Үкімет Иранмен, Әзербайжанмен әуе қатынасы тоқтайтынын айтты. Экономика - бұл қарым-қатынас. Сондықтан біздің елімізге де экономикалық залалы болады”, - деді Ерлан Сайыров.

Оның айтуынша, коронавирус дүниежүзіне тарайтын болса, экономикаға 1 трлн доллар шығын келтіреді.

“Қазақстан дүниежүзілік экономиканың бір бөлшегі болғандықтан, біздің елімізге де міндетті түрде әсер етеді”, - деді саясаттанушы.

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар коронавирус әсерінен теңге бағамы құлдырауы мүмкін екенін айтқан болатын.

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2020 17:18
Талқылау