Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорлық көрген мүгедек қыздың жантүршігерлік оқиғасы қазақстандықтардың жағасын ұстатты

14 жастағы Диананың өмірбаянын естіген кез-келген адам көзіне жас алмай отыра алмайды «НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Смаилова туған анасы мен әжесі мүгедек қылған Диананың жантүршігерлік оқиғасын баяндап берді, деп жазады Stan.kz.

Қорлық көрген мүгедек қыздың жантүршігерлік оқиғасы қазақстандықтардың жағасын ұстатты

Оның айтуынша, Диананы 2004 жылы нашақор әйел дүниеге әкелген. Диана қоянжырық дертімен туған және ақыл-ойы мен физикалық дамуы артта қалған. Қыз бір жарым жаста болған кезде анасы есірткі сатқаны үшін түрмеге қамалып, Диана интернатта тәрбиеленді.

Ал анасы 5 жыл өткен соң бостандыққа шығып, жатақханадағы бөлмесіне қайтарып алу үшін Диананы өзіне қайтарып алады.

«Анасы түрмеден шыққаннан кейін бірнеше ай өткен соң, 2011 жылдың шілдесінде халық әжесі туған немересін балдақпен ұрып-соқты деген жаңалықты естіп, жағаларын ұстады. Сол кезде дәрігерлер қызға ота жасалғанын айтты. Дианаға аралас бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйек ішіндегі гематома және иығының сүйегі сынды деген диагноз қойылды. Оған барлық қажетті ем көрсетілді, соның ішінде бас сүйектегі ұйыған қанды алып, ота жасап гипс салды», – деп жазды Дина Смаилова.

Осы оқиғадан кейін немересін ұрып-соққан әжесі Ресейге жер аударылды, ал қыз анасының жанында қалды. 2018 жылдың 3 тамызында Диана туралы жаңалықты көрген Надежда есімді Қапшағай тұрғыны «НеМолчиДетиKZ»-ке хабарласып, қызға көмектескісі келетінін айтты. Ал,  2017 жылы ол қолхат толтырып, Диананы өз қамқорлығына алды.

Надежданың айтуынша, ол 2017 жылы мамыр айында Диананың анасына ескертусіз келгенінде, қыздың еденге ұйықтап жатқанын көрген. Қыздың денесінде көптеген тыртық болған және ол мектепке бармаған. Сөйтсе, анасы қызым әжесімен бірге Ресейде тұрып, сол жерде оқып жатыр деген жалған куәлік жасатып алыпты.

«Мен баламен бірге медициналық тексеруден өтуге барғанда, дәрігерлер маған оның мүгедек екенін және қарапайым мектепке бара алмайтынын айтты. Көптеген комиссиялардан өтіп, бір жыл бойы психологқа қаралдық. Барлық жерде ол «анасының бетінен балғамен ұрғанын, құлағын тістеуікпен жұлып алғанын және құйымшағының сынғаны» жайлы жантүршілерлік оқиғаларды айтады. Қыздың денесі тыртықтан көрінбейді. Тіпті басына үшкір зат сұғылғандай 80-ге жуық түрлі тыртық бар», – деді Дина Смаилов Надежданың сөзін келтіріп.

Надежда Диананы барлық жерге қаратып, оны мектепке орналастырды. Бірақ, ондағылар қызды тек үшінші сыныпқа қабылдады, оның өзінде үйде оқытуға. Қыз да сабағын жақсы оқып, апта сайын психологтың қабылдауына барып тұрды. Бірақ, қабылдаулардың бірінде психолог Дианадан аға-көкелер туралы не білетінін сұраған.

«Ол кенеттен мен бәрін, соның ішінде еркектің жыныс мүшесін білемін деп жауап берді. Мен бұны естігеннен кейін өзіме әрең келдім. Ол маған бұл туралы айтпаған болатын, оның аузынан мұндайды алғаш рет естідім. Содан психолог маған Диана болған оқиғаның бәрін жазып беруі үшін оған қойын дәптер беруге кеңес берді. Мен психологтың кеңесіне құлақ асып, қызға дәптер бердім. Оның онда не деп жазғанын көргенде, жүрегім тоқтап қала жаздады. Баланың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны, анасының оны 200, 800, 6000 теңгеге, тіпті картоп үшін еркектерге сатқаны белгілі болды. Ол дәртерге барлығын егжей-тегжейлі жазған. Анасы оны ұрып-соғып, тіпті қолын сындырып, скотчпен орындыққа байлап қойып қозғалмай отыр деген екен. Содан қыздың қолы қисық болып қалған. Диана тіпті онда кейбір ер адамдардың есімін көрсетті », – делінген қыз туралы әңгімеде.

Надежда енді қызды өз қамқорлығына алу үшін барын салып, тырысуда. Бірақ, Диананың анасы ата-ана құқығынан айырылмайды, себебі оның тағы екі қызы бар.

Талқылау