Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорлануға мәжбүрлеуде": Гүлнара Кәрімованың түрмедегі хаты жарияланды 

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнара Кәрімова түрмеден хат жолдады. Бұл туралы оның үлкен қызы Иман Кәрімова өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"КИН-21-ден босап шыққан жігерлі әйелдердің арқасында анама, оның денсаулығын қатысты бірқатар ақпараттарды білдік және анамнан өлең түрінде жазылған хат келіп жетті. Өкінішке қарай, анаммен ешқандай байланыс жоқ, авдокаттарды жібермейді, тіпті телефон арқылы сөйлесуге де рұқсат жоқ. Бұл өлең анамның ішкі жан дүниесі мен сезімінің куәсі. Осыдан кейін түрмедегі адамдардың, әсіресе жоғарғы заң жоқ Өзбекстан түрмесіндегі адамдардың нендей күй кешіп жатқаны туралы ойлаудың өзі қорқынышты", - деп жазды Иман Кәрімова әлеуметтік парақшасында. 

Еске сала кетсек, 2012 жылы Швейцарияның Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімоваға қарсы қылмыстық іс жүргізу аясында 800 миллион швейцариялық франкқа жуық активтерді қатырып тастаған. Осы соманың шамамен 131 миллион доллары 2019 жылы тәркіленді.

Гүлнара Кәрімова 2019 жылдың көктемінен бастап жазасын Ташкент облысы, Зангиата ауданының № 21 жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр. 

Наурызда Жоғарғы Сот оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырған. Мамыр айында Кәрімованың Франциядан Өзбекстанға 10 миллион долларлық активтері қайтарылды. Әділет министрлігі халыққа өзіне тиесілі және елге оралған қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты үнемі хабарлауға уәде берді.
 

STAN.KZ
Сенбі, 13 Наурыз, 2021 12:25
Талқылау