Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ел аумағында жауынгерлік жаттығуларға қажетті әскери техника тасымалданатынын ескертті

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес елдің бірқатар өңіріне әскери техника тасымалданатынын ескертеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері артиллеристерінің  лагерлік жиыны өтеді. Жиын өтетін орында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін әскери техника Ақтөбе бекетінен Маңғыстау бекетіне дейін теміржол көлігімен тасымалданады”, – делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде. 

Әскери техниканың қозғалысы сондай-ақ 15 тамызда да (дүйсенбі күні) іске асырылады.

“Алматы, Шымкент, Қонаев, Тараз, Талдықорған, Сарыөзек және Құландыдағы әскери бөлімдер орналасқан жерлерден әскери техника лектері жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар өткізілетін Жамбыл облысы Гвардейск кентіндегі "Мәтібұлақ" полигонына қарай қозғалады”, – делінген хабарламада. 

Әскери техника лектерінің жүру бағыттары мен уақыты жергілікті атқарушы органдармен келісілген.

Талқылау