Солтүстік Кореяда кеме аударылғаны үшін жоғары лауазымдағы шенеунік қамауға алынды

Фото: Airbus Defence and Space
Екінші жаңа әскери эсминецтің апаты үшін Корея әскери өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Ли Хёнсон жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Эсминецтегі апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиға 22 мамырда салтанатты шара кезінде болған. Кеме түсу кезінде оның артқы жағындағы көлік платформасы мерзімінен бұрын ажырап қалды. Дегенмен тәуелсіз сарапшылар жариялаған спутниктік фотолар басқаша болжайды.
"Оқиғаны тергеу тобының қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары Кореяның жұмыс партиясы орталық комитеті әскери өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Ли Хён Сонды қамауға алды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін оқиға салдарынан үш адамның ұсталғаны хабарланған. Кеме жөндеу зауытының инженері, мылтық құрастыру цехының бастығы және әкімшілік басқарушы қамауға алынды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан