Қордайдағы қақтығысқа кінәлілерге сот үкімі шықты

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қарулы қақтығысқа кінәлілерге сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қордай

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2021 жылдың 27 сәуірінде Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік бойынша үкім шығарды. 

Былтырғы 7-8 ақпанда Қордай ауданы Масаншы, Бұғар-баты және Ауқатты ауылдарында тұрғындар арасында қақтығыс болды. 

"Онда олар зорлық-зомбылық көрсетіп, өртеп, мүлікті қиратып, атыс қаруын қолданды. Салдарынан 10 азамат қаза тауып, тағы бір адам жанып жатқан ғимаратқа құлап, қайтыс болды. 158 азамат пен 20 полиция қызметкері жарақат алды. 156 тұрғын үй мен сауда нысандары, 102 автокөлік құралы бүлініп, меншік иелеріне келтірілген залал 829 млн 848 мың теңге болды. Жамбыл облысы полиция департаментінің 10 автокөлігі зақымдалды. Мемлекетке 3 млн 291 мың теңге залал келтірілді", - деді Берік Құлтасов.



Бұған дейін сот үкімі бойынша бұзақылық әрекеттермен денсаулыққа зиян келтіріп, билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін 6 адам сотталған.

"Бүгінгі қылмыстық іс бойынша 2020 жылдың 8 желтоқсанынан биылғы 19 сәуірге дейін өтті. Оған екі прокурор, 366 жәбірленуші және 16 жәбірленуші өкілі, 10 қорғаушы және 4 аудармашы қатысты Іс бойынша 51 адам айыпталушы ретінде сотқа беріліп, оның ішінде 33-і қамауда, 18 адам жеке кепілдік және ешқайда кетпеу қолхаты бойынша ұсталды", - деді Берік Құлтасов.

Сотталушыларға ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды. Сот заң мен сот алдындағы теңдік принципін басшылыққа алып, жиналған дәлелдеме мен қылмыстық заңнамада көрсетілген жаза аясында келесі шешімдерді шығарды

"Соның ішінде 50 адамды кінәлі деп танып, бір адамның кәнісінің дәлелденбеуіне байланысты оны ақтады. Сотталушылардың кінәлары молекулярлық, сот-тергеу қорытындылары мен жасырын бейнебақылау дәлелдемелерімен толық дәлелденген", - деді Жамбыл облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы .

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр