Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордайдағы қақтығысты ұйымдастырушыларды не үшін босатты? Сот түсініктеме берді

Қордай қақтығысына қатысқан төрт азаматтың түрме жазасынан босатылуына қатысты Қазақстан әскери соты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

185 адам зардап шегіп, 39 үй өртеніп кетті: Қордайда болған қақтығысқа қатысты нақты мәліметтер айтылды

19 қарашада апелляциялық сотта Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерге байланысты жеті адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Алғашқы үшеуі аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бес, жеті және тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Кейінгі төртеуі адамдарды бүлікке шақырып,  жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін үш және төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Олардан 24,7 және төрт миллион теңге мөлшерінде материалдық зиян, сондай - ақ моральдық зиянды өтеу ретінде - миллион теңге өндірілді.



"Апелляция: жәбірленушілердің төрт сотталған адамның жазаны жеңілдетуі туралы пікірін; мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушының ұстанымын; іс бойынша жеңілдететін мән-жайлар жиынтығының болуын; жаппай тәртіпсіздіктер барысында әрбір сотталған адамның жеке-жеке іс-әрекетін назарға алды.

Сондықтан сот алқасының қаулысымен жеті сотталушының төртеуі бас бостандығынан айыру жазасы өзгертілді. Басқа үш адамға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, өйткені олар жәбірленушіге 24 миллион мөлшерінде материалдық залалды өтемеді, олардың екеуінде қылмыстың қайталануы бар", - деп хабарлады Қазақстан әскери сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін Қордайдағы қақтығысқа байланысты сот отрысында төрт сотталушы бостандыққа шыққан еді. 

STAN.KZ
Жұма, 20 Қараша, 2020 15:02
Талқылау